Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі
23.05.2018 12:14

2018 жылы «Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесімен Екібастұз қаласында«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының несиеге берілетін тұрғын үй бағыты бойынша 5 қабатты жеті тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде(тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы беріледі):

1. 9-шағын аудандағы 5 қабатты үш тұрғын үй. Мердігер ұйым- «Гидропром» ЖШС.

Нысанның сипаттамасы:жалпы пәтер саны – 180 (2 бөлмелі - 30, 3 бөлмелі – 90, 4 бөлмелі – 60), жалпы алаңы – 14076,6 м2. Аяқтау мерзімі: 2018 жылғы маусым.

2. 21-шағын аудандағы5 қабатты төрт тұрғын үй. Мердігер ұйым: «ТрансКомСтрой» ЖШСжәне«Гидропром»ЖШС.

Нысанның сипаттамасы:жалпы пәтер саны – 318 (1 бөлмелі - 86, 2 бөлмелі – 110, 3 бөлмелі – 122), жалпы алаңы – 19 520,4 м2. Аяқтау мерзімі: 2018 жылғы қараша.

Екібастұз қаласында инженерлік желілер бойынша жобалардың іске асырылуы

Тың жоба аясында Екібастұз қаласының 23-шағын ауданыдағы 127 учаскеге «23-шағын ауданынға жеке тұрғын үй» құрылысын жүзеге асыру жоспарлануда.

Жобалық-сметалық құжаттама әзірленді (басты жобалаушы «Стандарт Инжиниринг» ЖШС) және кешенді ведомстводан тыс мараптамаға жіберілді.Қорытындыны алу мерзімі – 2018 жылғы маусым айы.

Осы жобалардың жүзеге асырылуы 2019-2020 жылдарға жоспарланды.

2018 жылы 23-шағын ауданның жеке тұрғын үй құрылысы барысында инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымына 30,2 9 млн. теңге бөлінді, соның ішінде:

- жобаланған ТП 10/0,4кВ – 93,6 млн. теңге. Мердігер ұйым – «КЭМОНТ» АҚ (93,6 млн. теңге сомасына 13.03.2018 жылы шарт жасалды);

- электрмен қамту – 138,0 млн. теңге. Мердігер ұйым – «Горэлектросеть» ЖШС (138 млн. теңге сомасына шарт жасалды).

Ұзақтығы КЛ-10 кВ – 2,413 км, Ұзақтығы 2КЛ-0,4 кВ – 1,024 км, Ұзақтығы КЛ-0,4 кВ – 0,201 км, Ұзақтығы ВЛИ-0,4 кВ – 13,335 км;

- сыртқы сумен қамту желілері – 71,3 млн. теңге. Мердігер ұйым – «Инженерлік желілер» ЖШС (71,3 млн. теңге сомасына 13.03.2018 жылы шарт жасалды).

Су құбырының ұзақтығы: – 4,432 км;.

«Ипподром» маңындағы жеке тұрғын үй құрылысына сыртқы сумен қамту желілерін жүргізуге208,9 млн. теңге бөлінді. Мердігер ұйым – «СК Триумф» ЖШС (208,9 млн. теңге сомасына 27.03.2018 жылы шарт жасалды).

Су құбырының ұзақтығы: - 10 381 м.

«207, 208-кварталдардағы» Сыртқы су құбыры желірінің құрылысына 176,7 млн. теңге бөлінді. Мердігер ұйым – «КазЕвроСтрой» ЖШС. Шартқа мердігер ұйым қол қоюда.

Сумен қамту жүйесін дамыту

2018 жылы жалпы сомасы 1 957,3 млн. теңгеге сумен қамту жүйесін жүргізу қарастырылды.

- Екібастұз қаласы Құдайкөл ауылдық округінің Қарасор ауылына және Теміржол ауылдық округінің Құлакөл ауылына сыртқы су құбыры желісін жүргізу. Мердігер ұйым – «Инженерлік желілер» ЖШС. Су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы: 48,2 км;

- Қ.Сәтбаев атындағы арнадан «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы Бозшакөлдегі «Ірілендірілген Екібастұз қосалқы жол станциясы» станциясына су құбырын тарту. Мердігер ұйым – СК «Кенасар» ЖШС. Су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы: 11,3 км;

- Шиқылдақ ауылындағы су құбырын қайта жаңғырту.Мердігер ұйым - «Гидропром» ЖШС. Су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы: 10,3 км;

- Ақкөл ауылындағы су құбырынқайта жаңғырту. Мердігер ұйым – СК «Триумф 2030» ЖШС. Су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы: 11,9 км;

- Төртүй ауылындағы су құбырын қайта жаңғырту. Мердігер ұйым –«My Time»ЖШС. Су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы.

- Екібастұз қаласының 19-шағын ауданындағы су құбыры желілерін қайта жүргізу.Мердігер ұйым - «ЭК-Диола» ЖШС. Су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы: 8,3 км.

Одан басқа, Екібастұз қаласы ауыл аймағының Байет а, Құдайкөл а, Тай а. және Бесқауға а. сумен қамту жүйесі жүйесіне арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу жұмысы басталды,сондай-ақ ағымдағы жылғы сәуір айында Зеленая роща және Сарықамыс ауылдарының сумен қамту жүйесін жүргізу бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге арналған мемлекеттік сатып алулар конкурсы жарияланды.

Білім беру нысандары

Солнечный кентінде 420 орынды мектептің құрылысын жүргізу.Мердігер ұйым: -«Стальмонтаж»ЖШСфирмасы.

Жоба бойынша үш ғимарат көтеру жоспарланған, біреу үш қабатты және екеуі екі қабатты. Бір блокта әкімшілік пен шаруашылық бөлім, өзге екеуінде білім беру мекемесі, асхана, спортзал, 270 орынды көрермендер залы орналасатын болады. Сонымен қатар, маңайында үлкен аумақ, стадион, түрлі салалардағы балалардың 9 алаңқайы қарастырылған.

Жер учаскесінің алаңы – 0,24239 га; қабаты – 2-3; жалпы алаңы – 11240,1 м²;

Екібастұз қаласы №12 «Арай» бөбектер бақшасының шатырын қайта жасау (қатты жабындыға ауыстыру).

Мердігер ұйым:«Строитель»ЖШС.

Екібастұз қаласы №5 ЖОМ шатырын қайта жасау (қатты жабындыға ауыстыру).

Мердігер ұйым:«Строитель»ЖШС.

Зеленая роща ауылындағы Шідерті орта білім беру мектебіне жалғасқан әкімшілік ғимараттың құрылысы. Мердігер ұйым: «Адастра» ЖШС .

Жалпы алаңы: 494,28 м2

Комсомол ЖОМ қазандығы тұрған ғимаратты қайта жасау. Мердігер ұйым: «NamysStroi-Group» ЖШС.

«Өнер» ҚМО ауданындағы су бұрқақты қайта жасау.

Мердігер ұйым: «NamysStroi-Group» ЖШС .

Екібастұз қаласы көшелеріндегі жарықтандыру желілерінің құрылысы.Екібастұз қаласыныңтөмендегі көшелеріндегі жарықтандыру желілерінің құрылысы көзделді: Тукай к, Юбилейный к, Донентаев к, А жағы, Королев к, А және Б жағы, 6-линейный өтпе жолы, 11-й линейный өтпе жолы, Б.Жырау к, 21-шағын аудан.

Мердігер ұйым: «Адастра»ЖШС.

Екібастұз қаласының 207,208-шағын аудандарындағы жарықтандыру желілері бойынша құрылыс жұмысы аяқталды.

Мердігер ұйым: «Семстройэлектро-2005»ЖШС.

Электр өткізгіш желілерінің ұзындығы - 4,2 км болып белгілшенді: темір бетон тіреу -108 дана, жарық диод шамы-103 дана.

№9 және №12 сорғы станцияларының технологиялық су құбырлары мен жабдықтарын қайта жасау және жетілдіру.

Мердігер ұйым: «КазЕвроСтрой»ЖШС.

Дренажды сорғы станциясының технологиялық су құбырлары мен жабдықтарын қайта жасау және жетілдіру.

Мердігер ұйым: «ТЕПЛОЭНЕРГОИЗОЛЯЦИЯ жәнеК»ЖШС.